Қытайлық танымал актер Джеки Чан Астанада Қытайдың кинофестивалін ашып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Джеки Чан ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін шырқады. Актер бұл ән отаншылдыққа баулитынын, сондай-ақ, барлық адам өз отанын сүю керек екендігін жеткізді.

Джеки Чанның ән шашуынан кейін Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шығып, «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

 

Астанаға алғаш рет келген әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам — Джеки Чанды кеше   Әсет Исекешов әуежайдан күтіп алғандығы жайла хабарлағанбыз.

Еске сала кетейік,  Осы жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай конофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан осы шараға арнайы келді. Бұл фестивальді  «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Бүгін «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында шараның ашылу салтанаты өтеді. Бас аяғы бұл фестивальде алты фильм көрсетіледі.  Соның ішінде кино өнерінің жұлдызы Джеки Чанның «Кунг-фу Йога» атты картинасы көрсетіледі.

Пікір қосу