Отандық режиссер Нұртас Адамбай «5 күндік күйеу жігіт» («Жених на 5 дней») фильмінің түсіріліміне кірісті. Режиссердің айтуы бойынша, аталмыш комедиялық таспаны түсіруге көптеген көрермендердің сұраныстары себеп болған, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

«5 күндік күйеу жігіт» фильмі – отбасылық романтикалық комедия. Картинадағы басты әйел рөлін актриса, тележүргізуші әрі «Қазақтар» КТК тобының мүшесі Гүлнара Сильбаева сомдайды.

«Шынымды айтсам, мен кезекті драмамды түсіруді жоспарлап жүрген едім. Дегенмен, көрермен менен комедия туралы ұмытпауымды сұрағандықтан, бас тарта алмадым. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздаршы, достар! Қызықты туынды дүниеге келеді деп үміттенемін»,-деп жазды Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасына.

Айта кетейік, «5 күндік күйеу жігіт» жобасы Гүлнара Сильбаева мен Нұртас Адамбай үшін бірігіп жасаған алғашқы жұмыстары болмақ.

Пікір қосу