Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше, Астанада салынатын Ұлттық пантеоннан кез келген қазақстандық орын алуға үмітті, бірақ оның өз «шарттары бар». Бұл туралы  juldyz.kz  centralasian сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан үкіметі мамырдың соңында Ұлттық пантеон туралы ережені бекітті. Құжатта оған кімдер жерленетіні көрсетілген. Олардың арасында — Қазақстан президенттері, соның ішінде алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаев, президент отбасының мүшелері, үкімет мүшелері, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, сондай-ақ «Қазақстан президентінің ерекше шешімі бойынша «басқа да азаматтар» бар.

«Жеке пікірім, мен пантеон салу қажеттілігін толық құптаймын. Мұндай пантеон, әлбетте, қажет, әлемнің тәжірибесінде бар дүние. Елдің дамуына ерекше үлесін қосқандарды мәңгілік есте сақтаудың бір тәсілі. Бұдан ешқандай жаманшылық көріп тұрған жоқпын», — деді Абаев. Пантеон Астанада салынады. Оның жалпы аумағы — шамамен бір мың гектар. Пантеон аумағында ескерткіш ғимараттар, мұражайлар, әкімшілік және шаруашылық ғимараттары, күмбездер, сондай-ақ көлік тұрағы салынады. Бірқатар азаматтар бұған дейін мұндай құрылыс жоспарымен келіспейтіндігін білдірді. Жоба құны — 79 млрд теңге (шамамен 254 миллион доллар). «Мен Қазақстанның барлық азаматтары осы пантеоннан орын ала алады (оның өзіндік шарттары бар) деп есептеймін. Бұл мәселеде ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын», — деп түсіндірді Абаев.

Пікір қосу