Қырғызстанның 26 кәсіпорны Қазақстанның барлық облыстарына өз тауарларын емін-еркін сата алады. Бұған дейін олар тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана өз экспорттарын шығара алатын. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Бұл ақпаратты Қырғыз Республикасының ветеринарлы және фитосанитарлы ұауәпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметі таратқан. Олар Қазақстан Ауылшаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде   ЕАЭО-тың реестріне өткен көрші елдің  26 кәсіпорны Қазақстан нарығында өз тауарларын сататын болады.

Пікір қосу