Испаниялық «Севилья» клубы мен Чили құрамасымен біршама жетістіктерге жеткен Хорхе Сампаоли Аргентина құрамасының бас бапкері болды. Ол Аргентина футбол федерациясымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы juldyz.kz eurosport  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқыда испаниялық «Севилья» футбол клубының Сампаолиді жібергісі келмеген. Әуелі Аргентина футбол фкдкрациясынан 1,5 млн. евро өтемақы сұраған. Артынша екі жақ бір мәмілеге келген. 57 жастағы аргентиналық маман Чили ұлттық құрамасымен біраз жетістіктерге жеткен. 2015 жылы Америка кубігінің иегері атанып, El Grafico Chile және ANFP тұжырымы бойынша Чилидің үздік бапкері атанған. Сол жылы Оңтүстік Амариканың жыл бапкері деген атақты алған.

Пікір қосу