Сурет: Tengrinews

«Феникс ісі» бойынша Алматы қаласы, Медеу аудандық  сотының судьясы Тәкен Шәкіров екі айдан бері жалғасып келе жатқан іске нүкте қойды. Халық әртісі Т. Жаманқұловты 189 бап бойынша кінәлі деп тауып, жеті жыл сырттай үкім шығарды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Алайда, Т. Жаманқұлов амнистияға ілігіп, жеті жыл мерзімінің жартысы қысқартылды. Және  үкімге сәйкес бес жыл бойы басшылық қызметке бара алмайды. Режиссер Талғат Жәнібеков та жеті жылға сырттай сотталып, бес жыл басшылық қызметке бару құқығынан айрылды. «Қазақфильмнің» бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айыпты деп танылып, 1 жылға шартты түрде сотталды. «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина жеті жылға шартты түрде сотталды. Рақымшылыққа байланысты оның жазасы 3,5 жылға қысқартылды. Ол да бес жыл бойы бақсарушы қызметтерді атқара алмайды. Киноның редакторы Ғизат Сұлтанов қылмыстық кодексінің 189-бабы  бойынша  бес жылға шартты түрде сотталды. Жеке кәсіпкер Илья Коробейников те бес жылға шартты жаза алды. Рақымшылыққа байланыстың оның жаза мерзімі — 3 жыл 9 ай.  «Феникс» фильмінің дайындық мерзіміндегі түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев бес жылға шартты жаза алды. Ол да рақымшылыққа ілігіп, жаза мерзімі 3 жыл 9 айға қысқарды. Киноның  екінші режиссері Бижан Әбішев мүлкі тәркілене отырып, бір жылға шартты түрде  сотталды. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің шағымы бойынша Т. Жаманқұлов, Т. Жәнібеков, Ғ. Сұлтанов, Д. Әбдіқадыровтардан 18,4 млн. теңге өндірілетін болады. Сотталушылардың ішінде Т. Жаманқұловтың адвокаты Ғалия Наратауова апеляциялық шағым түсіретінін айтты.

Пікір қосу