Мадриттік «Атлетико» ФК-ның шабуылшысы Антуан Гризманн «Манчестер Юнайтед» командасымен келісімге келді. Англиялық топ-клубта оған аптасына 350 мың евро төленетін болады. Бұл турады juldyz.kz сайты хабарлайды.

Златан Ибрагимовтың жарақатына байланысты МЮ жақсы шабуылшы табуды жеделдеткен. Британдық БАҚ-ның жазуынша «Манчестер Юнайтед» клубының басшылары бапкер Жозе Моуриньоның арманын жартылай орындап отыр. Португалиялық маман өз командасының шабуылында Антуан Гризманн мен Альваро Моратаның дуэтін көргісі келеді.

Пікір қосу