Режиссер Нұргелді Садығұлов «Балуан Шолақ» толықметражды фильмінің түсіріліміне кіріспек. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Картина әйгілі қазақ балуаны, әнші әрі композитор, халық арасында Балуан Шолақ деген атпен танымал Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін баяндайды. Фильм сценарийін Дулат Исабеков жазған.

Әйгілі балуанның рөлін отандық актер Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Киноның көркемдік жетекшісі — кинорежиссер әрі сценарист Сатыбалды Нарымбетов. Киножобаның атқарушы продюсері — Бахтияр Байназаров.

Айта кетейік, түсірілім тобы киноны биылғы жылдың 1-маусымынан бастамақ. Көркем фильмді Алматы, Ақмола және Павлодар облыстарында түсіреді.

Пікір қосу