Әлеуметтік желі қолданушылары үшін «Құралай ханым» есімімен танымал болған Құралай Ошақбаева –  бір әулеттің сыйлы келіні, ұрпақ тәрбиелеп отырған ана, ғаламтор беттерінде – үздік блогер. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді». Құралай ханымның аналық жүрегімен, әйелдік болмысымен жазған жазбалары, ішінен шыққан әрбір сөздері өз оқырмандарының көңілінен шығып жүр. Juldyz.kz блогердің үздік жазбаларын назарларыңызға ұсынады.

«Ысылдаңдар, шақпандар. Ырылдаңдар, қаппаңдар!»

«Құралай ханым, мен сiздiң айтып жатқан ақылдарыңызбен келiспеймiн. Жақсы бол, мейiрiмдi бол, сүйкімді бол, тағысын тағы кiтаптан оқып алдым деп айта бересіз. Өмірде бәрі кiтаптағыдай емес, сiзге айтуға ғана оңай. Бiрақ қазір адамдар жаман, заман қатал, аппақ перiште аспанда ғана. Сiз айтқандай болып жүрсем, жұмыстастарым тұрмақ, үйдегілер ақ таптап кетеді» – деген сияқты ұзын сонар хат келiптi… Мысалмен түсіндірейiн…
Баяғыда бiр «кобра» жылан өзінше Құдайдан ұялып, «Мен – бiр сүйкімсіз албастымын, бәрі менi жек көреді. Енді мен ешкімді шақпайын, жақсы болайын, менiмен де бәрі дос болсыншы, өзгеремін», – депті. Сөйтіп сүйкімді болып оратылып тыныш жатса, адамдар келiп, таспен атып, таяқпен шұқып, өлердей қылып сабап тастапты. Өлермен болып әрең қашып құтылған көрінеді. Содан бiр данышпанға барып: «Мен жақсы болам десем, менi өлтіріп тастайтын түрі бар. Не iстеймiн? Қалай мейiрбан, жақсы боламын, қайтiп дұрыс өмір сүремін?» деп жылапты. Данышпан оған: «Сен ысылда, бiрак шақпа» – деген екен. Сөйтіп келесіде әйбат болып жатқан жыланға тағы тиісе бастағанда, «капюшонын»  барынша ашып ысылдаса, адамдар қоркып қашып кетiптi… Солай «қыздарики» ??? Ысылдаңдар, бiрақ шақпандар. Ырылдаңдар, бiрақ қаппаңдар!
Ешкімге өздеріңдi таптатпаңдар!

Жетідегі  балаға айтқан ақылың жетесіне жетеді

Хат жазып, көмек сұрайтын қыздардың жасы, қарап отырсам, жиырма бес пен отыздын арасында. Керемет «возраст»! Лапылдаган жиырма бес! От болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, сағым қуган жиырма бес! Осындай тамаша жасты арпалыспен өткiзбеңдершi, қыздар! Қайда карасам да, жағаласкан жұрт… Енесімен, абысынымен, күйеуімен арпалысып жатқан, қайран өмір… Қазiр жиырма бестесiң, өстіп арпалысып жүрiп қырыққа қалай келгеніңдi байқамай қаласың… Қырыққа кеп, ес жиып жан-жағыңа қарасаң, балаң жиырмада. Сен елмен жағаласып жүргенде, өсiп кетiптi. Кiм оны тәрбиеледi, қалай өсті, не сөйледін оған, не бердің? Бәрі бұлыңғыр… Уақыт өтiп кеткен баяғыда… Енді келiн мен күйеу баламен жағаласып өмір сүресің, себебі басқаша өмірдi білмейсің… Ия сенікі дұрыс, енеңдiкi бұрыс болсын делiк. Не iстейсiң бiреудiн алпысқа келген мамасын тәрбиелеп, «тебе это надо?» Одан да алты жастағы балаңды тәрбиеле! Енеңдi құрбыңа жамандап отырғанша, балаңмен әңгімелес. Енеңдi түзеуге кетiп жатқан алтын уақытынды, миллиондаған ватт энергиянды балаға бер! Енеңдi қанша тәрбиелесен де бәрібір. Асарын асап, жасарын жасап, цемент боп қатып қалған ол. Сенен ақыл күтіп, тәрбие сұрамайды. Одан да балаңмен бiр сағат пластилин езгілеп отқан уақытын, мың есе болып қайтады. Ішіңе сыймай, құлағыңнан сыртқа атқылап жатқан ақылыңды қызыңа айт! Елуге келген абысыныңа айтқан ақылың далаға кетеді, жетiге келген балаға айтқан ақылың жетесіне жетеді! Қиналмандаршы, қыздар, елді де қинамандар! Күнi -түнi күйеуінің координаттарын аңдып, қайда кiрдi, қайдан шықты деп дiрiлдегенше, өзінді күт! Өс, өзгер, жаңаша ойла, әдемі болуға, ақылды болуға қызық! Сонда, керiсiнше бiр жаққа шықсаң, А пунктiнен Б пунктiне дейiн қанымен карта сызып берiп,   күйеуің аңдып отырады сенi.

Жоғары жаққа «заказды» дұрыстап беріңдер!

Қыздар, армандарды жазғанда, дұрыс жазу керек. «Реально» өзіңде болады деген, өзің сене алатын қиялыңды ғана жаз! Нақты жаз! Баяғыда бір қыз былай жазып қойыпты: «Хочу мужа, чтобы он занимал высокое положение в обществе». Сөйтсе «строитель-высотникке» күйеуге шығып кетіпті. Күйеуі басқалардан жоғары жүретіні рас қой. Сондықтан жаз, орындалады дегенде, аласұрып бастық пен пастуxты шатастырып, ертең «маңырап» қалмаңдар.  Әр сөзіңді қырық ойланып, жігітіңнің аяғының размеріне дейін дұрыстап жазыңдар. Ертең «бәрі әйбәт, тек мен 39, ол 36 киеді, қонаққа барғанда, төплиымды ана жаққа шешіп қоям, елден ұят, қасқа» деп еңіреп отырмаңдар.
Жоғары жаққа «заказды» дұрыстап беріңдер! Сосын бүгін бай жігіт керек еді, ертесіне өзіме сай жігіт болса ғой, арғы күні ерттеп мінетін тай жігіт болса екен деп, күнде құбылып, жоғарғы жақтың миын ашытпаңдар! Әрдайым әндетіп жүретін жігіт керек пе, әлде нан табатын қалталы жігіт керек пе?! Стартта тізе бүгіп тұрғанда анықтап ал.
Мейрамханада даяшыға тапсырысты  бересің де күтіп отырасың ғой, әкеліп бергенде, жаныңдағының тамағы тәттірек болса да, өзіңдікін жейсің. Тура солай, керегіңді жобаламай, ымдап емес, тура, нақты, дұрыстап сұра. Мейрамханада тапсырысты қайтарып, даяшының миын ашытып, мазалай берсең, тамағыңа бір түкіріп әкеліп беруі ықтимал. Сондықтан оталақтамай ойланып бірақ жаз! Кейін тапсырысың дайын болғанда, иіскемек түгілі бетіне қарағың келмей қалмасын.
Ал шындап айтсам,  БАРЛЫҚ АРМАНДАР, ТҮРЛІ ТАПСЫРЫСТАР ОРЫНДАЛАДЫ ЕКЕН!

Адамдарға ренжімеңдер, адамдар!

Құдай бізбен қалай тілдеседі?! Тәңіріміз бізге айтарын, күнделікті – күйеуіміздің, енеміздің, достарымыздың, бастығымыздың тілімен жеткізеді екен.
Сондықтан, бастығың байқамай жатса, енең есіркемей жатса, жарың жақтырмай жатса, балаң бағынбайтын болса, туысың тиісе берсе – бастықтың, ененің, күйеудің, туыстың бұған еш қатысы жоқ екенін түсін!
Бұл сөздер – сен есту керек болғасын айтылып жатыр! Әзірше құдай сенімен осылай әңгімелескісі келіп тұр, бүгін Тәңірдің осы көзқарасына ғана ЛАЙЫҚСЫҢ! Қазір сен құдайдың осындай көңіліне ғана еңбегің сіңді.

Тәңірің сенімен осылай сөйлесіп жатыр…

Куйеуіңнің маxаббатына❤️
Енеңнің шапағатына?
Бастығыңның жақсы көзқарасына?
Досыңның саған деген сыйына? ЛАЙЫҚ БОЛУҒА ТЫРЫС!
Достарың төбесіне көтеріп, сыйлап жатса,  енең жақсы көріп, қимай жатса, бастығың кереметсің деп мақтап жатса, күйеуің алақанына салып аялап жатса,  Жаратушы жарылқады деп есепте. Құдай қолдады деп қуан!  Себебі тәңірің сенімен бүгін осылай сөйлесіп жатыр.
АДАМДАРҒА РЕНЖІМЕҢДЕР, АДАМДАР!
Сол адамдардың саған деген жаман/жақсы қатынасына лайық болған, ӨЗДЕРІҢДІ ЖӨНДЕҢДЕР!

7 пікір

  1. өте керемет айтылған пікірлер тұрмыс құрып ынтымағы жараспай жүрген жастарға әсіресе жас келіндерге ой салатын ақыл кеңестер екен келіндер ақылды болса шаңырақ шайқалмай киыншылыкты жеңіп ол үшін ең бастысы ақыл мен сабыр керек сиякты

  2. саламатсыз ба Куралай! Мен сенен жасым улкен. Бipak сен жазган посттар унады. Батыс Казахстан адамдарына тан каламын дедiнiз, неге? Мен сол жактанмын.

  3. Ия Құралай ханым Сіздің жазғандарыңызды оқып отырып керемет күй кешіп дем аламын ,Сіз бұл өмірдің дипломсыз қызыл дипломді «ПСИХОЛОГІ » екенсіз , өмірдің қызығымен -шыжығы ыстығымен суығына төтеп беріп сонымен қатар бізге ұқсаған өмірден адасып енді сізге интернет және жазған кітаптарынызды оқып әттеген-ай жасым бір онбес жас кішірсем ғой деп отырған апатайларың мына біздер Сіздің күш қуат энергиянызға бес кеттім Ал мына кітапта жазғаныңыздай бар берер ақылыныз жас қыз -келіншектерге болса , неге тым қымбаттау сатасыздар кітаптарыңызды 3500тенге дегенді нағыз осы өмірден қиналып өз проблемасын шешуге жауап табалмай ,болмаса өмірінде туындаған проблемаларын жас қызға жас келінге өздігімен шешілмейтін сияқты болып тұрғанда мына Сіздің кітабыңызды алып парақтап оқып шықса 50 емес 85 пайыз қыз-келіншектер пробдемаларына жауап табылатын сабақ болар еді ғой.
    Бүгін 16 желтоқсан күні Еліміздің Тәуелсіздік алған күні мерекесімен шын жүректен құтықтаймын . Қазақ елінің көк байрағы көкте МӘНГІ қалықтай берсін. Ата-бабабларымыз қанымен жеткен Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын дей отырып Сізден бір өтінішім жазған кітаптарыңызды жастарымызға қол жетімді етіп қойсаныз сонымен қатар біздерде орта буындағы апатайларыңда алып оқып жанымыздағы жастарға ақылды сол кітаптағы жазбаларға сүйене айтар едік .

  4. Керемет, Құралай ханым! Браво! Ең шегім қатқан жері- ..оталақтамай дұрыстап беріңдер заказды деген жеріңіз! )) SUPER! Міне сағат түн ортасы болса да, ұлыммен бірге Ай мен Күнді салып, Галактиканы зерттеп, мен Құрекеңді зерттеееп отырғанымыз. Инстадан да оқып жүремін. Рахмет көөөөп.

Пікір қосу