Вашингтон қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігі тұрған көше Борис Немцовтың атына берілуі мүмкін. Егерде сенат пен АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы қолдаса. Бұл туралы juldyz.kz cайты gordonua.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Конгрессінің жоғарғы палатасының қауіпсіздік комитеті Вашингтондағы көшеге оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың атын беру туралы құжатты мақұлдаған. Бұл туралы комиттетің ресми сайтында жарияланды. Енді бұл заң жобасын Сенаттың толық құрамы мен АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы қолдауы керек. Бұл бастаманы осы жылдың ақпан айында Республикалық партияның өкілі, сенатор Марко Рубио көтерген болатын. Оның пікірінше, «Борис Немцов» көшесі Путин режимінің есіне диссиденттердің есімі өшпейтінін және еркіндікті қолдаушылар бар екенін еске салып тұрады. Мемлекет және қоғам қайраткері 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеуде қастандықпен өлтірілді.

Пікір қосу