15 мамыр күні әнші Қарақат  Әбілдина көптен күткен қызын дүниеге әкелді. Отбасына тағы бір жарық жұлдыздай қуаныш сыйлаған әнші перзентханадан 17 мамыр күні шықты. Оны шығарып алуға жүздеген адам жиналған. Бұл туралы reactor.inform порталына сілтеме жасап  juldyz.kz хабарлайды.

Жұлдызды жұптың жақындары, әріптестері, шәкірттері Қарақатты перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды.

Өзінің инстаграм парақшасында Қарақат арнайы алғыс білдіріп, пост жариялады:

Іңгəлап жарық дүниенің кеше ғана есігін ашқан, көптен куткен ханшайымымның қуанышына жазған ақ жарма тілектер ағыны мен тосын сый жасап жатқан шынайы достарыма Алла разы болсын! Көңілім көкке жетті. Менің отбасымдағы қуанышқа шын жүрегімен қуанған, тілекші қауымға шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім. Қуанышты бөліссең көбейер дегендей, сіздерге ризашылығым сонша,сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеріңдей кең пейілді оқырмандарым, ақ жүректеріңнен айналдым.

Қыдырәлі Болмановтың жеке инстаграм парақшасында жазғаны:

Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үміт пен «жаны аман қалса екен» деген тілекпенен перішті сәбиіңді асыға күтесің… 9-ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір Анаға тоқтай қалып, басыңды игің келеді! Қақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ! Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рахмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын, өзіңе қайтадан «ессіз» ғашық болатынымды «сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты» түрде жеткізгім келеді.?

Сүйем сүйгенді. Сүйіп туғанды.

Шапан кигенді. Жөргек жуғанды!  

Сүйем сүйгенді. Шашын түйгенді.

Шолпы таққанды. Қамзол кигенді!

Пікір қосу