Қазақфильм» киностудиясы массагеттердің патшайымы туралы «Тұмар» атты тарихи жобаға актерлар арасында кастинг жариялады. Бұл кино картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Режиссері – Ақан Сатаев («Рэкетир», «Ағайынды», «Адасқандар», «Ликвидатор», «Жаужүрек Мың Бала», «Анаға апарар жол»).  Бұл туралы juldyz.kz cайты хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандықтар қатыса алады.

12 мамырдан бастап кастинг Алматыда өтеді.
Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, үшінші қабат.

Ал 15 және 16 мамырда кастинг Астанада өтеді.
Мекен-жайы: Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» балалар мен жасөспірімдер театры.

— Кастинг екі қалада – Алматы мен Астанада өтеді. Кейін басқа қалаларға да барып кастинг өткіземіз деген жоспарымыз бар. Кастингке келетін бойжеткендер бет бояусыз келгендері абзал, — деді жобаның кастинг-директоры Жайна Әбдиева.

Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс.

Сонымен қатар, [email protected] электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай аласыз:
1.    Жақыннан (анфас және профиль),  белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өзгертілмеген фотосуреттерді;
2.    Туылған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибиеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкета жолдау керек.

Назар аударыңыз! Өзіңізбен байланысу үшін телефон нөміріңізді жазып жіберуіңіз керек.

Фильм туралы: Бұл ұлы тарихи оқиға екі жарым мың жыл бұрын орын алған. Фильм өз халқының бостандығы үшін күрескен, аты аңызға айналған ұлы дала қызы – Тұмар патшайымның махаббат тарихы туралы.

Бас продюсері: Әлия Назарбаева
Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
Сценарий авторлары: Әлия Назарбаева, Тимур Жақсылықов
Қоюшы операторы: Хасан Қыдырәлиев

 

 

 

 

Пікір қосу