«Танымал отандық режиссер Ақан Сатаев “Көшбасшы жолы” киноэпопеясының жаңа бөлімін таспаламақ. Бұл туралы режиссер желідегі парақшасына жазды», – деп хабарлайды juldyz.kz.

“Достар, мен және ”Sataifilm” командасы “Көшбасшы жолы. Астана” киноэпопеясының жаңа бөлімін таспалайтынымызды мақтанышпен хабарлаймын. Біз үшін бұл үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік”, – дейді режиссер.

Tengrinews.kz басылымына берген сұхбатында Сатаев:

“Қазір дайындық жұмыстарын бастап жатырмыз. Қысқаша айтсақ, бұл фильм Елбасының астананы көшіру туралы шешім қабылдаған кезі мен Астананың тұрғызылу жылдарын көрсетеді”, – деді.

Айта кетейік, бұған дейін “Көшбасшы жолы” киноэпопеясының 5 бірдей бөлімі қазақстандықтардың назарына ұсынылған болатын. Олардың соңғысы “Жұлдыздар тоғысқанда” 2016 жылы түсірілген.

Пікір қосу