Қайрат Нұртастың «Қалыңдық» киносында бар шындық ашылады.Бұл туралы  Stan.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Қалыңдық» фильмі – әншінің өмірі жайында түсіріліп жатқан кино. Қайраттың анасы туынды осы жылдың қыркүйегінде көрерменге жол тартады дейді.

bandicam 2017-05-06 00-04-07-490«Кино қыздардың тағдыры, намысы десем болады. Толық айта алмаймын. Біз осы кино үшін түнгі сағат үшке дейін жұмыс істейміз. Таңның атқанын күтеміз кейде. Қазір қоғамда тастанды сәби көп. Алдайтындар көп. Сол үшінде қыздардың намысы жоқ емес екенін көрсету үшін жігіттер ойланса деген ниетпен түсіріп жатырмыз», – дейді продюсер-ана.

Бірақ, продюсер-ана осы кинодан соң көп сын астында қалатынын жасырмады. Себебі, кино өмір шындығы желісінде түсірілген.

«Бұл кино өте жақсы шығады. Мен оған сенемін. Бірақ сынақ көп болады. Мен соған дайын болуым керек. Өйткені, көптеген әңгімелер айтылуы мүмкін. Өмірге байланысты», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Өзі туралы фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдайды.

«Мен келіп өзімнің қызымды іздеп жүрмін. Менің қызымды ұрлап кетеді, соны іздеп келетін сәт. Сол сүйіктімді құтқарамын. Енді киноның барлығын айтып берсем қызық болмай қалады. Бірақ, өзім осы киноны қатты күтудемін», – дейді Қайрат Нұртас.

Пікір қосу