Ұлттық валюта бағамы мұнай бағасының құлдырауынан кейін әлсіреді, — деп жазады tengrinews.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

KASE қор биржасының таңғы саудасында валютаның долларға шаққандағы бағамы 317,94 теңгеге тең болды.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 317,50 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны — 318,2 теңге. Сауданың жалпы көлемі 128,9 миллион долларға жетті.

Айта кетейік, 5 мамырда Brent маркалы мұнай бағасы 2016 жылдың 30 қарашасынан бері бірінші рет бір барреліне 47 долларға түсіп кеткен.

Пікір қосу