«Қуыршақ» театрында жаңа қойылым өтеді. Премьераның атауы — «Құлыншақ пен бөлтірік».

Авторы — Жақып Омаров. Режиссері — Рүстем Жаныаманов.

Бұл спектакль балалардың жақсы мен жаманды ажыратуына жетелейді. Cпектакль достық деген ұлы ұғымды қастерлеп, үлкенге деген сыйластықты, кішіге деген ізеттілікті көрсете келе, батылдық пен қайсарлықты, өжеттілікті дәріптейді.

Басты кейіпкерлер Құлыншақ пен Бөлтірікті «Қуыршақ» театрының актрисалары Арай Сақтағанова мен Толқын Тлеулиева ойнайды.

Уақыты: 11 мамыр, сағат 11:00-де

Пікір қосу