Мамыр айының бесінші жұлдызында әлемде қандай атаулы мерекелер бар?  Juldyz.kz оқырман назарына осы күннің ерекшеліктерін атап өтеді.

Жапонияда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні  және ресми түрде «Кодомо-но хи» деп аталады.  Бұл мереке 1948 жылдан бастап Ұлттық мерекелер қатарына жатқызылады.

Оңтүстік Кореяда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні, корей тілінде «Орини наль» деп аталады. Бұл мемлекеттік мереке қоғам қайраткері Банг Джонг-Хванудың  ықпалымен 1923 жылдан бері тойланып келе жатыр.

Қырғызстан Республикасында Конституция күні

5 мамыр – Қырғызстан Республикасының Конституция күні. 1993 жылы Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің XII сессиясында Қырғызстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

Белорусияда Баспа күні

5 мамыр – Белорусияда Баспа күні. Беларусия Республикасы президентінің 1996 жылы 2 мамырда қабылданған,  N 156 жарлығымен «Баспа күні» болып есептелінеді.

 

 

 

 

Пікір қосу