Ұлттық арнада көрсетілген «МузАРТ-live» мегажосының жеңімпаздары жаңа бейнебаяндарын таспалап бітті. Бұл туралы juldyz.kz инстаграмдағы «МузАРТ-live» парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«МузАРТ-live» жобасының жеңімпаздары: Нұрхат Сегізбай, Серікболсын Кішкенбаев, Сұлтан Ахмет, Азиз Балтабекұлы. Жігіттер инстаграмм парақшаларына бейнебаян түсіріп жатқандығын жария етті.

«МузАрт» ізбасарларының ресми парақшасында төмендегідей жазылған:

Бүгін – ерекше күн. Жігіттер өздерінің алғашқы бейнебаяндарын таспалады. Сонымен қатар «НТК», «ТОЙ ДУМАН», «ХИТ ТВ» телеарналарына сұхбат беріп, алға қойған жоспарларымен бөлісті. Ендеше жігіттерден жақында жақсы жаңалық күтіңіздер. ????

Топ мүшесі Азиз Балтабекұлының парақшасындағы жазбаға сүйенсек, әннің аты – «Жүрегім сені аңсаған».

Тосыннан түсіргенде. #музарт #музартlive @muzartlive_official ???????☀️

A post shared by Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev) on

Пікір қосу