Ғасыр өтсе де, санадан өшпеген тағдырлар туралы түсірілген «АЛЖИР» көркем фильмі көрермендерге жол тартады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «АЛЖИР» фильмінде  «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады. Туындының премьералық көрсетілімі 7 мамырдан бастап еліміздің 5 қаласындағы «Kinopark» желілерінде өтеді:
Ақтөбе — Kinopark 7 «Keryencity»;
Шымкент – Kinopark 5, «Mega»;
Қарағанды – «City Mall». Kinoplexx;
Алматы – «Спутник», «Сарыарқа», «Esentai Mall»;
Астана – «Керуен», «Мега сити», «Сарыарқа».
Көрсетілім уақыттарын кинотеатрлар сайтынан көре аласыздар.

Пікір қосу