Қазіргі таңда шоу бизнес өкілдері, әсіресе жігіттер қауымы жеке өмірін жасырғаны өз алдына, үйленсе де «бойдақпын» деп елге жар салуды шығарған. Жеке өмірін, бірнеше баланың әкесі екенін жасыратын жұлдыздар саны күн санап артуда. Сонымен, оларды juldyz.kz анықтап көрді.

  1. Қайрат Нұртас

Жанкүйерлеріне бойдақ жігіт көрінгісі келгенімен, Қайраттың әріптестері оның үйленгендігін және бірнеше баласының бар екенін жеткізіп отыр. Шындығында, Қайраттың жары, үш бірдей баласы бар екенін жұрт бұрыннан біледі. Себебі әлеуметтік желіде оның жарының суреттері көп.

A post shared by Жулдыз Абдукаримова (@kairat.zhuldyz) on

2. Төреғали Төреәлі

Қайраттың «жолын қуып» келіншегін жасырып әлек болатын әншілердің бірі – Төреғали. Сенімді дереккөздің айтуы бойынша, оның тіпті Кәусар есімді қызы да бар. Бұл тұста Төреғалидің әйелімен түскен тек бірнеше суреті ғана бар. Дегенмен, бұл суреттер оның бойдақ емес екенін аңғартады.

3. Нұрболат Абдулин

Өзін бойдақпын деп жар салатын, солай бола тұрса да, отбасы барын құпияда ұстайтын әншілердің қатарын Нұрболат Абдуллин да толықтырып отыр. 2015 жылы отбасын құрған әнші әлі күнге дейін әйелін елге көрсетпей келеді. Көрсетпегені өз алдына, ол тіпті үйленгенін де елге айтқысы келмейді. Дегенмен, әлеуметтік желіден оның тойындағы суреттерін көптеп табуға болады. Жарының есімі — Гүлфарида.

4. Айқын Төлепберген

Әлеуметтік желідегі парақшасынан Айқынның үйленген-үйленбегенін анықтау мүмкін емес. Себебі ол жеке өмірін аса құпия ұстайды. Дегенмен ол 2016 жылы алғаш рет өзінің әйелін көрсетті. Сосо Павлиашвилимен бірге түсірген клипіне ол келіншегін түсіріп, елді таңғалдырды. Айқынның әйелінен бөлек, екі баласы барын жұрт сол кезде бір-ақ білді. Дегенмен, ол қазірдің өзінде өзінің жарын жасырумен жүреді.

 

Пікір қосу