Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) және Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек биыл өтетініне уәде берді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Промоутердің айтуынша, «Канело» кездесуді өз пайдасына мерзімінен бұрын аяқтайды. Де Ла Хойя Головкин кез келген адам сияқты әлсіз тұстары бар екенін айтты.

«МЕН ӘРДАЙЫМ «КАНЕЛО» МЕН ГОЛОВКИННІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 2017 ЖЫЛЫ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП ЖҮРМІН. 2017 ЖЫЛ — БҰЛ БОКС ЖЫЛЫ, БІЗ БОКСТЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТАМЫЗ. МЕН ӘРДАЙЫМ «КАНЕЛОНЫҢ» ГОЛОВКИНДІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕТІНІН АЙТЫП ЖҮРМІН, МЕНДЕ ОҒАН ЕШ КҮМӘН ЖОҚ. ЖҰРТ ДЖЕЙКОБСТЫҢ ГОЛОВКИНДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАНЫН АЙТЫП ЖҮР. БҰЛ ЖАҚСЫ ӘРІ ЖАҚЫН ЖЕКПЕ-ЖЕК БОЛДЫ. БАРЛЫҚ БОКСШЫЛАР СЕКІЛДІ ГОЛОВКИННІҢ ДЕ ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ БАР. ОНЫҢ БАСҚА АДАМДАРДАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖОҚ. «КАНЕЛО» ГОЛОВКИНДІ НОКАУТҚА ТҮСІРГЕН СӘТТЕ МЕНІҢ СӨЗІМДІ ЕСКЕ АЛЫҢЫЗДАР», — ДЕДІ ДЕ ЛА ХОЙЯ K.O ARTIST SPORTS БАСЫЛЫМЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА.

Айта кетейік, «Канело» 6 мамырда Лас-Вегас қаласында өзінің отандасы Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.

Пікір қосу