Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты  қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды. Бұл туралы Ақтөбе облысының баспасөз қызметі хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.

Қала аумағында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған соң, зардап шеккендерге келтірілген шығын мен су басқан аймақта үй тұрғызу заңдылығын анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады.

Ақтөбе өңірінде тасқын салдарынан саяжайлардағы 850 үй мен ауланы су басып, 5 саяжай үйі қираған. Бау-бақша ұжымы аумағынан 1907 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 71 адам құтқарылды. Адамдарды уақытша орналастыру бекеттерінің 792 адамның 347-сі — балалар.

Айта кетейік, Ақтөбедегі жағдай тұрақты және облыс басшылығының үнемі бақылауында.

Пікір қосу