Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің жеке YouTube-парақшасы пайда болды. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

Головкин әлеуметтік желілерде осы жөнінде хабарлап, оқырмандарын видеохостингтегі парақшасына жазылуға шақырды.

«Мансап жолымдағы үздік сәттерді көргілеріңіз келсе, YouTube-парақшама жазылыңыздар», — деп жазды Головкин.

Subscribe to my YouTube page for an in depth view of my career. Link in bio.

A post shared by Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing) on

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 37 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол орта салмақтағы үздік нокаутшы.

Пікір қосу