құралай

Актриса Құралай Анарбекова «Брак или брат» комедиясының бас продюсері болды, — деп жазады brod.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Аманат» және «Бизнес по-казахский» картиналарында ойнаған актриса Құралай Анарбекованың айтуынша, топ түсірілімге осы жылдың мамыр айында кіріспек.

«Брак или брат» фильмі — толық метр бойынша менің алғашқы продюсерлік дебютім. Мәскеуде «Чужой среди своих» хикаясымен продюсер ретінде жұмыс істегенім бар еді. Толықметражды кино түсіру идеясы 3 жыл бұрын туындаған болатын. Содан, лайықты сценарий іздеп жүрдім. Ұзақ ізденістен соң қызықты оқиғаға тап болдым. Оның авторы — картинаның қосалқы продюсері Әлішер Утев. Ал режиссер ретінде жас әрі креативті маман Ернар Нұрғалиевті шақырдық. Оның білікті маман екеніне сөз жоқ, сондықтан біз оған толықтай сенеміз», — деді Құралай Анарбекова.

«Брак или брат» комедиясы Гаухар есімді қыздың оқиғасын баяндайды. Кейіпкердің ағалары оның тұрмысқа шығуына үнемі кедергі жасап жүреді. Алайда, бойжеткеннің туғандарына өзінің шынайы ниетін дәлелдейтін жігерлі жігіт пайда болады.

Құралай Анарбекова: ««Брак или брат» фильмі - толық метр бойынша менің алғашқы продюсерлік дебютім»

Комедияның сценарийін Әділбек Сейілхан мен Арыстан Каунев жазған.

Айта кетейік, бұл жобаның алдында актриса «Corich production» продюсерлік орталығының негізін қалаған болатын. Сондай-ақ,  «Алтын ұя» мен «Дуэт» хикаяларының продюсері ретінде танылған болатын.

Пікір қосу