Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 11 сәуірдегі таңғы саудасында 311,45 теңгеге тең болды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Осыған дейінгі сессияда доллар бағамы 313,21 теңгеге болған еді. Таңғы сауданың бірінші келісімі 311,5 теңгемен өтті. Минималдық құны — 311,35 теңге болса, максималдық құны 311,8 теңге болды.

Сауданың жалпы көлемі 29,6 миллион долларға жетті.

Айта кетейік, Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 311- 311,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. 107 келісім жасалды.

Пікір қосу