Биыл Сочиде өтетін «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан Рүстем Жүгінісов өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Жас өнерпаз осы жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Мен «Жаңа толқын-2017» халықаралық ән байқауында финалға шықтым. Сіздерге бұл туралы хабарламастан бұрын, Мәскеуге кетіп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Тосынсый жасағым келді. Менің арманым орындалды», — деп жазды Рүстем Жүгінісов.

Айта кетейік, «Жаңа толқын» ән байқауының финалы Сочи қаласында 8-15 қыркүйек аралығында өтеді.

Пікір қосу