Димаш Құдайбергенов Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды, — деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Димаш аталмыш шарада өзінің «Ұмытылмас күн» әнін тайвандық жас пианист Аояаң Нананың сүйемелдеуінде шырқады.

Бұған дейін Димаш Шанхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popular singer) номинациясы бойынша да марапатталды.

Пікір қосу