ҚР Инвестиция және даму министрі жыл соңына дейін ұшақпен жол жүру бағасы айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.

Осыған байланысты биыл әуедегі апаттың салдарын тергеп, тексеретін жаңа мемлекеттік орган құрылады.  Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елімізде керосин тапшы екен. Сондықтан билеттің бағасы да жоғары.

«Керосиннің 60 пайызын шетелден тасымалдаймыз. Ал билет құнының 30 пайызы жанармай бағасына байланысты. Еліміздегі мұнай өңдейтін зауыттар қайта іске қосылған соң тапшылықтан құтыламыз. Отандық ұшақтарға жылына 800 мың тонна керосин керек», — деді министр.

Пікір қосу