Әнші Қайрат Нұртастың жаңа фильмінің атауы «Келін» болмақ. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Бұл мәлімет продюсері Гүлзира Айдарбекованың түсірілім алаңынан жүктеген суретінен белгілі болды. Алайда, Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, фильм атауы өзгеруі де мүмкін.

Айта кетсек, оның жаңа фильмі бастапқыда комедия жанрында түсіріледі деп жоспарланған. Кейіннен Қайраттың табиғи болмысына қарай фильм мелодрама жанрында болады деген шешім қабылданған.

 

Пікір қосу