Әнші Мұрат Қожа «Әйел бақытында» қонақта болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Ерте отбасын құрған дұрыс па?» деген сауалға Мұрат Қожа өз пікірін білдірді.

«Қыз балаға ертерек шыққан дұрыс. Сол үйдің адамы болып өседі. Әулетке ерте сіңісіп кетеді. Мен Алғашқы рет 22 жасымда үйрендім. Үйленем деген өз шешімім болды. «Саған әлі ерте не кеш» деп ешкім айтпады. Әке-шемемен тұрсаң, ерте үйленген де дұрыс сияқты. Жеке отбасы болсаң, шынын айтқанда, ақыл тоқтатып барып отбасын құрған дұрыс»», — дейді әнші.

Екінші рет отбасын құрған әнші өзі туралы да айтып өтті.

«Екінші рет отбасын құру — өмірдің бір сәттері. Ажырасқаннан кейін адамым кездесті. Жақсы көргендіктен үйлендім. Енді қателік жасамаймын деп ақылмен шетім. Жарыммен жас айырмашылығымыз — 11 жас», — деді ол.

Пікір қосу