Жуырда ғана телеэкранға жол тартқан «Көзайым» сериалының продюсері Салтанат Қалиева «Түнгі студияда» қонақта болды.

Сериалдың идеясы туралы продюсер көпшіліке айтып берді.

«Ең бастысы жастардың көңілінен шықсын деген ой болды. Өзім Жаркенттің келінімін. 4 жыл үйде болдым. Сол кезде абысыным тәтті печенье пісіретін. Оның аты Қаракөз болатын. Мен соны ауыстырып, «Көзайым» деп атай беретінмін. Жалпы, сериал адамдардың арасындағы қарым-қатынас, біздің жасайтын кемшіліктеріміз туралы болады. Идеясы — махаббат жайында. Кинодағы махаббатсыз туған екі бала да сондықтан қиналып жүрген болар. Сол себепті, махабатсыз күйеуге шықпаңдар, қыздар! «, — деді Салтанат Қалиева.

Картинки по запросу көзайым сериалы

Неліктен киноның атауын «Көзайым» деп атағанын да айтып берді.

«Көзайым деген ат мені ойландыратын. Сценарий жазып, кино түсірем дегенде бірден осы атау ойымда келді. Көзайым  есімі сирек кездеседі. Ал, сериалдың неге олай аталғанын  киноның соңында түсінетін боласыздар»,- деп жауап берді продюсер.

1 пікір

  1. ☺ кино оте жаксы тусирилген, баска фильмдерге караганда асерли ари тусиникти?, тагы айтарым кинонын аты унады, себеби есимим Қаракөзайым (ажем койган)☺.

Пікір қосу