Димаш Құдайбергенов Қытайдың Тиянжин қаласындағы «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек жасады, — деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Димаш тағдырдың тауқыметін тартқан жетім балаларға қағаз-қалам, көрпе-жастық секілді әр түрлі тұрмыстық бұйымдар тарту еткен. Бұл туралы hazharas.com сайтында жазылған.

null

«Осындай жетім балаларға көмек қолын созу — қоғамның борышы, бұдан кейін де жеткіншектердің ақаусыз өсіп жетілуі үшін өз көмегімді жасап отырамын», -дейді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Тиянжиндегі бұл балалар үйі — «SOS» халықаралық балалар үйінің Қытайдағы ең үлкен бөлімшесі. Онда 132 жетім бала тұрады.

Пікір қосу