Отандық шоу-бизнес саласында біраз әншілердің музыкалық білім алмағанын байқаймыз. Сонымен, музыкалық білім жоқ әншілерді toiduman.kz-ке сілтеме бере отырып juldyz.kz порталы ұсынады.

Картинки по запросу ернар айдар

Ернар Айдар -дипломы бойынша заңгер. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және бизнес» факультетін бітірген. Заңгер мамандығында оқып жүрсе де ән жазу студиясын жағалап,  қазіргі продюсері Талғат Айдардың демеуімен сахнаға келген.

Тәуекел Мүсілім -Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «машина жасау» мамандығы бойынша бітірген. Өнер әлеміне кездейсоқ келген. Ұзын бойлы денелі жігітті спорт залдан байқап қалған режиссер оны сериалға түсуге шақырады. Содан бері ол өнер саласында.

«Жігіттер» тобындағы Ердос Қанаев та арнайы музыкалық білім алмаған әнші. Жоғары оқу орнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Дипломды әдебиетші — бүгінде жұлдызы жанған әнші.

Картинки по запросу айдар байжанов

Ал, осы топтағы Айдар Байжановтың мамандығы — өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол-мұнайшы. Атақты топта он бес жылдан бері ән салып, шәкірт тәрбиелеп көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп жүр.

Картинки по запросу айқын төлепберген

Әнші Айқын Төлепберген Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде инженерлік білім алған. Соған қарамастан отандық және шетелдік байқауларға қатысып жүлдегер атанады.

Картинки по запросу бүркіт пен аиша

Бүркіт пен Аишаның да музыкалық білімі жоқ екен. Бүркіттің алғашқы мамандығы заңгер, одан кейін құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алған. Ал, оның жары Аишаның мамандығы – дизайнер.

Пікір қосу