Алматыда «Жеті нота» атты думанды ән-жыр кеші өтті. Оны белгілі ақын-сазгер Бекжан Әшірбаев пен әнші-сазгер Төлжанбек Жақсыбаев ұйымдастырған. Думанды шараның басқа концерттерден ерекшелігі бұл кеште әнмен қатар поэзияға да орын берілді, — деп жазады Caravan.kz.

Соңғы кездері поэзияға деген қызығушылықтың төмендеп кеткені жасырын емес. «Жеті нота» — осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ашылған бірегей жоба.

Бекжан Әшірбаев
Бекжан Әшірбаев

Әдемі кешке Лұқпан Жолдасов, Мұқасан Шахзадаев, Тоқтар мен Бейбіт, Роза Әлқожа, Өмірқұл Айниязов, Серікбол Сайлаубек сынды танымал әншілермен қатар ән әлеміне енді қадам басқан жас өрендер де өнер көрсетті.

Серікбол Сайлаубек

 

Айтқандай, Серікбол Сайлаубек қолын қатты жарақаттап алыпты. Соған қарамастан концертке келіп, тіпті билеп тұрып ән салған әнші: «Қолды қоя берші. Бас аман болсын. Биді айтсаңдаршы, биді!», — деді.
Ғалым Жайлыбай
Ғалым Жайлыбай

 

Жоғарыда айтқанымыздай, арасында өлең де оқылды. Ақындар Ғалым Жайлыбай, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев, Саят Қамшыгер және Зәмзә Қоңырова жырдан шашу шашты.

Сондай-ақ, кеш барысында біраз азаматтарға медаль табысталды. Мысалы, «Жеті нотаға» қолдау көрсеткен өнер жанашырлары Сабыржан Молдаханов «Алтын қыранды» алса, Дайрабай Үсіпбаев «Ел ардақтысын» иеленді.

Өнер жанашыры Сабыржан Молдахановқа
Өнер жанашыры Сабыржан Молдахановқа «Алтын қыран» медалін қоғам қайраткері Амалбек Тшанов тапсырды
Дайрабай Үсіпбаевты да Амалбек Тшанов марапаттады
Дайрабай Үсіпбаевты да Амалбек Тшанов марапаттады
Актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева халықаралық
Актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева халықаралық «Мәдениет майталманы» медалін алды
Ал әнші Лұқпан Жолдасовқа
Ал әнші Лұқпан Жолдасовқа «Өнер жұлдызы» медалі берілді

Осылайша, «Көршінің қызының» авторы ұйымдастырған концерт керемет өтті. Бекжан Әшірбаев келесі «Жеті нотаны» алдағы жылдың 7 сәуіріне жоспарлап қойғанын жеткізді.

Тоқтар мен Бейбіт Бекжан Әшірбаевтың
Тоқтар мен Бейбіт Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» әнін орындады
Мұқасан Шахзадаева
Мұқасан Шахзадаева
Мақсат Базарбаев
Мақсат Базарбаев
Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов
Ақпарат көзі: kaz.caravan.kz

Пікір қосу