«Мария Магделана» әнімен танылған әнші Асхат Тарғын үйленгені туралы сүйінші хабарды nur.kz порталына айтып берді, — деп жазады сілтеме жасап juldyz.kz.

 Әнші оқуды былтыр бітірген 23 жастағы Әлия есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерген. Асхат тойда ән салып жүріп сүйіктісін сол жерде жолықтырғанын айтуда. Алматылық бойжеткен әншінің жүрегін жаулап, енді қос ғашық 12 сәуір күні той жасауды жоспарлап отыр. 300 адамға жоспарланған той үшін әнші 9 млн теңгесін жұмсағанын да айтып қалды.

Еске салсақ, Асхат Тарғынның өзі қазір 35 жаста. Оның бірінші әйелінен Айым есімді қызы бар. Бұған дейін әнші бұрынғы әйелімен ажырасуына келіншегінің қызғанышы себеп болғанын айтып берген болатын.

«Ер адам болған соң халықтың алдында жүресің. Танымал болған соң қыздардан, басқалардан хат келеді. Содан қызғаныш, ұрыс-керіс болады. Сосын ажырасып кеттік», — дейді әнші.

 

 

Пікір қосу