«КешYou» тобынан кеткен Жұлдыз Өмірғали қайда жүр? Бұл туралы әнші Hit tv арнасының «Headliner» бағдарламасына берген сұхбатында айтты,- деп жазады juldyz.kz порталы. 

Жұлдыз Өмірғали әлі өзінің шығармашылық жолын таппаған көрінеді. «КешYou» тобынан шығып кеткен ару кино саласына да, жүргізушілікке де бет бұрып жүр. Бұл туралы Жұлдыз:

«Жақында ғана актриса ретінде мюзиклға  түсіп, Шымкент қаласынан келдім. Бүгінде актерлыққа да, жүргізушілікке де бет бұрып келе жатырмын. Бұйырса мюзикл 22 наурыз күні мереке қарасаңында  көрерменге жол тартады. Сіздерге ұнайды деп ойлаймын. Өйткені қазақы, күлкілі мюзикл», — деді.

«КешYou» тобынан кетседе Жұлдыз өнердегі қамқоршысы Баян Мақсатқызынан алыстай алмай жүр. Ол продюсерінің бастамасымен «Қазақ аруы» байқауының тізгінін ұстамақ. Бұл әншінің жүргізушіліктегі алғашқы тәжірбиесі емес.

«Майра Ілясованың «Жан анам» атты концерті мен үшін тележүргізуші ретіндегі бірінші қадамым. Қобалжыдым. Әрине, ел алдында мәнерлеп сөйлеу қиын».

Баян Мақсатқызы Жұлдыздың ән айту шеберлігіне көңілі толмаса да бұрымды алған бетінен қайтар емес. Яғни әншілік өнерін жарты жолда қалдырып кету ойында жоқ екен.

«Әншілікті де тастамайын деп вокалдан сабақ алып жүрмін. Алла қаласа, жаз айларына немесе жылдың аяғына таман ән ұсынамын. Жеке әнші ретінде жұмысымды жалғастыруым мүмкін. Бірақ қай уақытта екенін нақты айта алмаймын».

Не десек те, Жұлдыздың қай салада жұлдызы жанатынын алдағы уақытта көретін боламыз. Естеріңізге сала кетсек, «КешYOU» тобынан Ақбота Сейтмағанбет тұрмысқа шығуына байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанында топтан кетсе, Жұлдыз Өмірғали 2017 жылдың қаңтар айында топтан кеткен болатын.

Пікір қосу