Ауыр салмақтағы боксшы Бейбіт Шүменов бұрынғы бапкері Кевин Барридің қол астында жаттығатын болды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік парақшасында мәлімдеді, — деп egemen.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

«2010 жылы әлем чемпионы атануыма септігін тигізген бұрынғы бапкерім Кевин Барримен қайта жаттығатыныма қуаныштымын. Сонымен қатар, жаңа әріптестерім – WBO нұсқасы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Джозеф Паркермен және жартылай ауыр салмақта IBO белбеуінің иегері Омар Саламовпен бірге жұмыс істеймін», – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Кевин Майкл Джозеф Барри (1959 жылы туған) – жаңазеландиялық жаттықтырушы, менеджер, экс-боксшы. Бейбіт Шүменов 2010 жылы бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша алғашқы белбеуіне қол жеткізген.

Пікір қосу