Руслан Бөлебай 16 мамыр 1985 жылы Қызылорда облысы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол әнші әрі тележурналист.

Еңбек жолы

Руслан Бөлебай 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің магистратурасын бітірген. Ол 2002 жылдан бастап республикалық «Ұлан» газетінің қоғамдық тілшісі атанған. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» газетінің штаттағы тілшісі, 2003-2004 жылдары «Арай» журналының жауапты редакторы болған. 2005 жылы НТК телеарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі және Ретро ҒМ радиосының жаңалықтар қызметінін жүргізушісі қызметінде болған. Кейін 2004-2005 жылдары «Оңтүстік астана» жаңалықтар бөлімінде республикалық-қоғамдық саяси «Azamat.kz» газетінің журналисті, 2005-2006 жж КТК телеарнасы ақпараттар бөлімінің штаттағы тілшісі, КТК арнасында «Шарайна» сараптамалық-бағдарламасының тілшісі атанған. Сондай-ақ, «Күндерек» жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2007 жылы қаңтар айынан Қазақстан ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» бағдарламасының тележүргізушісі болып қызмет еткен.

Марапаттары

«Жас Астана – жас жеткіншектер көзімен» атты II Халықаралық фестивалінің (2000), «Окжетпес 2002 Халықаралық фестивалінің лауреаты, «Еуразия шеңбері» II Ақпараттық Халықаралық жастар форумының бас жүлдегері, 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС радиосы жариялаған «Мен ВВС Қазақ қызметінің басшысы болсам…» атты эссе-байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондон қаласындағы ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өткен.

Телеэкранда өзінің жеке дара жүргізушілік талантымен танылған Руслан Әбдісаттарұлы елімізге белгілі асқкақ тұлға Мұхтар Шахановтың, ҚР Халық арт. Мақпал Жүнісованың, әншілер Майра Ілиясованың, Бақтияр Тайлақбаевтың, Маржан Арапбаеваның, жас қобызшы Акерке Тәжібаеваның және т.б. жеке шығарм. кештерін жүргізді. Соңғы кездері эстрада саласында әншілік қырынан танылды. «Кең дала», «Сен болмасан», «Жанарым», «Елес», «Мөлдір моншақтар», «Кешікпей келем деп ең», «Махаббатпен ойнама сен», «Іңкәрім-ай» әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленген.

Отбасы

Русланның әкесі — Әбдісаттар Бөлебай мен анасы — Әмина Өтегенова.

Болмысы қандай болған?

«Мен оның жігеріне таң қалатынмын. Таңғы эфирге сағат 5-те келіп, дайындалатын едік. Оның жарқын көңілінен, оның қарқынынан күш-қуат жұқтырып алатынмын. Өмірден алатыны, асулары әлі алда еді…» (әріптесі Әйгерім Есенәлінің сұхбатынан)

«Ол нағыз бауырмал, досшыл, көпшіл жан болды. Сырттан қосылған кез келген адамды сыртқа теуіп көрмеген, тіпті еркін сыр алысып үлгеретін. Теңдей тіл табысып кететін. Содан да болар, кейде одан бір­неше күн қатарынан қол үзіп, көз жазып қалатын сәттеріміз жиі кездесетін. Ол іске зерек, қадамы ширақ, ал­ғанынан қайтпайтын жан еді. Бастаған ісін аяқтамай көңілі көншімейтін. Үлгере­тін, бірақ үнемі асығып жүретін. Бір істі бүтіндемей жатып, ойы екінші бір ша­руаны ширатудың шырмауында тұратын» (досы Асқардың естелігінен).

Өмірінің соңы

Танымал журналист 2009 жылы 16 шілдеде жол көлік апатынан қаза болды. Ол 25-ке де жетпей, жауқазындай солған жас ғұмыр таң алдында үзілді. Ажал құшқан Руслан Бөлебай бұл күнде елге кең танылып үлгерген журналист еді.  Осыдан бірнеше жыл бұрын ағасының жолын қуушы Айнұр Бөлебай «Айдындағы аруыма» атты естелік кітапты шығарған болатын. Концертте Руслан жайлы қобызшы, өмірде де, өнерде де досы болған Ақерке Тәжібаева былай деп еске алды:

«РУСЛАН ӨМІРДЕН ОЗАРЫНАН 2-3 КҮН БҰРЫН АҚЕРКЕГЕ КӨКТӨБЕГЕ ШЫҒАЙЫҚ ДЕГЕН. СОНДА КӨКТӨБЕГЕ ШЫҒЫП РУСЛАННЫҢ АЙТҚАН СӨЗІ МЫНАУ БОЛҒАН: «КЕЙІН МЕН СЕНДЕРДІ АЛМАТЫНЫҢ ТӨБЕСІНЕН ҚАРАП ТҰРАМЫН» ДЕГЕН. АЛ, Р.БӨЛЕБАЙДЫҢ СОҢҒЫ ЖАСАҒАН ХАБАРЫ КӨЛІК АПАТЫ ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ОДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ БОЛҒАН»

9 пікір

  1. Əр кезде Руслан аға жайлы оқып əлде көріп қалсам жүрегімен жылайды.Алладан жаннатта болуын сұраймын.??

  2. Русланның жерлесім екен білгенімде сырттай қуанып , мақтан тұтып жүр едім. Қуанышым ұзаққа бармады. Жап жас өрімдей болып тұрған шағында қазақ елінің төбесіне жай түскендей жай кешіп қалдық. Сондай сүп сүйкімді, карасаң көз тоймайтын сені жігітімізден қапыда айырылып қалдық. Жатқан жерің жарық, қабірің нұрға толсын. Ақеркені айтылған сөзді алла тағала аузына салды ма екен?

  3. Русланның жерлесім екен білгенімде сырттай қуанып , мақтан тұтып жүр едім. Қуанышым ұзаққа бармады. Жап жас өрімдей болып тұрған шағында қазақ елінің төбесіне жай түскендей жай кешіп қалдық. Сондай сүп сүйкімді, карасаң көз тоймайтын сері жігітімізден қапыда айырылып қалдық. Жатқан жерің жарық, қабірің нұрға толсын. Ақеркеге айтылған сөзді алла тағала аузына салды ма екен?

  4. Менің сүйіті тележүргізушім еді,жаны жанатта болсын! Өтініш қайтыс болған күнін түзеңіздерші, ол 16 тамызда емес 16 шілде де қайтыс болған, 19шілдеде оны жерлеген

  5. Жаным ау кыршынынан үзілді ау, алдында әлі алынбаган канша белес бар еді,әттең алланың жазғанына шара бар ма.

  6. Руслан ағамыздың өмірден ерте кеткені әрине өкінішті.Дегенмен «АЛЛАға да жақсы адамдар керек» деген сөз бар ғой.Айтайын дегенім ол кісінің шексіз жақсы адам болғаны ғой.»Өлетін» бала өзгеше демекші ол өте ерекше жан еді…Мен жас кунімде оны бір көрсем деп армандайтынмын бірақ…амал қанша Алланың ісіне араша бола алмаймыз.Бәріміздің барар жеріміз бір,ертелі кеш.

Пікір қосу