Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады, — деп хабарлайды juldyz.kz.

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ОСК бүгін «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46-, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылданды»,-деп хабарланған сайлау комиссия таратқан ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырғаны да хабарланып отыр.

1 пікір

Пікір қосу