«КешYou» тобы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті, — деп жазады juldyz.kz.

-Тыңдармандар сіздерді қалай қабылдады?

-Олар мұндай жаңалықты күтпеді. Неше түрлі пікірлер айтылып жатырғаны рас.

-Ал, құрамда бір-бірлеріңізге үйрендіңіздер ме?

-Төрт қыз болғандықтан жұмыс жасау оңай болып жатыр. Біз бір-бірімізді бұрыннан білеміз. Сондықтан, тіл табысу қиын болмады.

-Назым, сенің өз тобың бар еді ғой?

-Иа, мен «Лүпіл» тобында болдым. Содан кейін Бағым Мақсатқызы мені кастингке шақырды. Кастингтен өтіп, топ құрамына қабылдандым. Негізі біздің «Лүпіл» тобының продюсері бізге «қыркүйек айында топты жабатын шығармыз» деп айтқан еді. Сол үшін де осы жақтың ұсынысын қабылдадым.

-Топта қандай жаңалықтар болып жатыр?

-Біз жаңа әндер жазып жатырмыз. Биыл бізге 11 жыл толады. Көктемде наурыздың басында жаңа клип түсіреміз. 4 қыз болғаннан кейін бағытымыз да өзгерді. Басты ерекшелігіміз Сара рэп оқитын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Сара Амангелді осыған дейін «Лашын» тобында өнер көрсеткенде де рэп оқитын.

Пікір қосу