2016 жылдың күз айында шаңырақ көтерген әнші Серік Ибрагимов келіншегімен бірге қалаға енді ғана келіп жатыр екен. Әзірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жас отбасының отағасы қос дипломы бар келіншегіне жұмыс істеуге рұқсат беріпті. Арасында одан ақша сұрайтынын да жасырмады.  Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Әйелімнің қанша айлық алатынын білмеймін. “Өзіңе жетсе болғаны” деп айтқанмын. Ақшасын мен алмаймын. Кейде керек болып қалса сұраймын. Ол негізінен өзіне керек заттар мен үйге азық-түлік алып жүреді. Үйленіп, ауылдан енді ғана келіп жатырмыз… Өзіме керек ақшаны алып, артығы болса, келіншегіме әкеліп беремін. Өзіме керекті дүниені алып қаламын”, – дейді Серік Ибрагимов.

Аталған арнаның журналистері әншінің шаңырағында қонақ болып, келінмен танысқылары келетінін жеткізді. Алайда әнші әзірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын ашып айтты.

“Жасыратын ешнәрсесі жоқ. Қазір пәтерде тұрып жатырмыз. Біз енді ғана үйлендік. Қазақта “Бас екеуі болмай, мал екеу болмас деген” керемет мақал бар. Басымызды екеу қылып алдық. Алла бұйырса, мал жанымыз көбейеді деген ойдамын”, – дейді ол.

Пікір қосу