— Кез келген жанның езуіне күлкі ұялатып, балғын балалық сезімін есіне түсіретін бір сезім бар. Ол — алғашқы махаббат сезімі. Ендеше, мен де өзіңіздің алғашқы махаббатыңыз жайлы бізге айтып беруіңізді сұраймын?

— Шын беріліп сүймегеннен кейін алғашқы махаббат деп айтуға болмайды. Студент кезімізде әдемі қыздар болды ғой. Бірақ, ол махаббат емес, жай ғана сұлулыққа тамсану болып табылады. Махаббат деген ол таза сезім. Сыртқы сымбатты емес, ішкі жан-дүниені ұнатып, сол адамды тура сондай болғаны үшін ғана құлай сүю сезімі. Махаббат алауын ешқашан да жай ғана уақытша тұтанған жалаң отпен шатастырмау керек. Шынайы сезім, шын махаббат болатын болса, көп жылдар өтсе де шоқ болып жүректе сақталады. Мен үйдегі жеңгеңді жақсы көріп үйленгенмін.

 — Демек, сіздің алғашқы да, соңғы махаббатыңыз ол сіздің жұбайыңыз ғой?

— Иә, дәл солай.

 — Өзіңізді өзіне өмірлікке ғашық еткен жан туралы айтып беріңізші. Екеуіңіз қалай таныстыңыздар? Қашан отбасын құрдыңыз?

— Мен жиырма сегіз жасымда үйлендім. Жұбайымның есімі — Қарлығаш. Оңтүстік өңірінен шыққан, Шәуілдірдің қызы. Мектепте жұмыс істеп жүрген кезімде таныстым. Содан ұнатып, өзіміздің Оңтүстіктің салты бойынша алып қаштым. Бірге отбасы құрып, үш бала, бір қыз тәрбиелеп отырмыз.

– Отбасыңыз жөнінде айтып өтсеңіз…
– Үш ұл, бір қызым бар. Балаларымының қай-қайсысы да өнер жолын қуам десе, қарсы болмаймын.

 

(толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналының

2008 жылғы №04 (98) санынан оқи аласыздар)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

Пікір қосу