Жақында ғана прокатқа шыққан «В поисках мамы» («Анамды іздеймін») киносының режиссері Руслан Акунов «Түнгі студияда» қонақта болып, кино туралы өз ойымен бөлісті, — деп хабарлайды juldyz.kz.

Жақында әке атандым. Сондықтан, бала-шағамды алып баратындай немесе өз ата-анаммен бірге көретіндей кино түсіргім келді. Ересек адам мен кішкентай баланың арасында достық бола ма деген ой туды. Сосын бұрынғы әріптестерімді шақырып, керемет сценарий жаздық. Басты рөлді сомдайтын адамды көп іздедік. Дегенмен, Азамат сомдайтынын білдік.

Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілімді қалай тапқаны туралы да айтып берді.

Ал, Тәуекелді көп іздедік. Оны әйелім тауып берді. Маған: «Мына жігіт қалай?» деп суретін көрсетті. Мен: «Тым сымбатты екен, мұндай ханзада кинодағы Даниярдың рөліне келе ме» деп ойладым. Бірақ, таңдауыма еш өкінбеймін. Кездейсоқ дүниелер жақсы ғой.

 

Пікір қосу