Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің құны кей жанармай құю бекеттерінде литріне 145 теңге болып қымбаттады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Мәселен, АИ-92 бензині «Лукойл» бекетінде литріне 145 теңгеден болып, бес теңгеге көтерілген. АИ-95 165 теңгеден сатылып жатыр дейді бекеттің операторы.

«ҚазМұнайГазда» да жанармай құны көтерілген. Мұнда 17 ақпаннан бастап АИ-92 бензинінің бір литрі 139 теңгеден 141 теңгеге дейін барды. Ал АИ-95 — 154 теңге. «Газпромнефть Қазақстан» да АИ-92 бензинін 141 теңгеден сатуда, ал АИ-95 — 152 теңге. АИ-92 бензині Sinoоil компаниясында, бұрынғысынша литріне 140 теңге, ал АИ-95 — 152 теңге. Сонымен қатар Helios те АИ-92 бензинін 140 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 — 151 теңге. Бағаны өзгертпегендер қатарында Royal Petrol да бар: АИ-92 – 140 теңге, алайда АИ-95 – 155 теңге.

Пікір қосу