Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларында қатарынан екі дүркін қола жүлдегер атанған Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын өткізбек, — деп juldyz.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Иван Дычко жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оны бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та растады. Жақында БАҚ өкілдеріне Дычко өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі жуық арада өтіп қалуы мүмкін екенін жариялаған еді.

Қазір Дычко Данияр Елеусінов жұмыс істейтін «MJA Entertainment» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қосу