Тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы ол «Түнгі студияда» бағдарламасында айтып берді.

Жақында тележүргізуші «Ләйлә Сұлтанқызы» дизайнерлік киімін шығаратын болады. Бұл қыз-келіншектерге қолжетімді бағадағы дүние болмақ.

«Ең бастысы – киімдердің бағасы 30-40 мың теңгеден аспайтын болады. Әзірге барлық ақпарат менің жеке парақшамда», — дейді танымал тележүргізуші.

Пікір қосу