Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметов ісі бойынша 2015 жылы 3 жылға сотталған «ҚазагроФинанс» компаниясының бұрынғы өкілі Ерлан Қисықов айыппұлға келісіп, рақымшылықпен бостандыққа шықты, — деп хабарлайды 31 арна.

Енді бұл іс бойынша 3 жылдан 10 жылға дейін сотталған 21 экс-шенеуніктің ішінде тек түрмеде Серік Ахметов қана қалды.

Материалдық және сот шығындарын толық өтеген Қисықовтың жазасы айыппұл төлеуге ауысты. Экс-премьер Серік Ахметовтың сыбайласы ретінде абақтыға қамалған Ерлан Қисықов өтелмеген 299 күні үшін 170 мың теңгеден астам ақша төлейтін болды.

Ал осыдан бір апта бұрын ғана Қарағандының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы да рақымшылықпен жазасынан босатылған еді.

Пікір қосу