Танымал академик Асқар Жұмаділдаев бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатқан ментальді арифметика мектептеріне қатысты өз ойын бөлісіп, оның балаға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтты.  Асқар Жұмаділдаевтың осыған қатысты пікірін журналист Самат Сүлей Facebook желісіндегі парақшасында жария етті, — деп жазады szh.kz

Математиктің айтуынша, ментальді арифметиканың бала үшін ешқандай қажеті жоқ.

«Дүниеде пайдасыз нәрсе көп қой. Мысалы темекі. Ол пайдалы ма? Жоқ, бірақ бәрі тартады. Менталды арифметика пайдалы ма? Жоқ. Ол да темекі сияқты керек емес өнердің біреуі. Дәлірек айтсақ, бұрын болған өнер. Бұдан жүз жыл бұрын ешқандай компьютер, калькулятор болмаған.

Сол кезде жапондар мен қытайлардың ойлап тапқан өнері. Онда екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтеді. Сіз оны бір минут көбейтесіз, ол отыз секунд. Ал не болыпты? Оны калькулятормен есептей салған оңай емес пе? Бас сол ақымақ есепті шығару үшін керек пе? Бас тірлік жасау үшін керек. Ал мұндай есеппен кім тірлік жасай алады?», — деді академик.

Сонымен бірге, ол миды дамыту үшін баланы қандай өнер түріне беру керек екенін де айтып берді.

«Ал миды дамыту үшін ең керемет өнер – скрипка. Эмоцияға да, өзіңе де пайдалы. Шаршағаның басылады. Ал мына менталды арифметика деп жүргендерінің 15 деңгейі бар екен. Оны он жыл оқиды. Бұл біреудің Америкадан алып келген франшизасы», — деді ол.

Сонымен бірге академик жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көптеп ашылып жатқан ментальді арифметика мектептерінің қызметін «пирамида» деп атаған.

«Мұғалімдерінің жалақысын 50 мың теңгеден бастайды. Ебін тапсаң, көбейтіп аласың. Пирамида сияқты. Үстіндегісі ұтады, қалғаны ұтылады. Мұны үйрету үшін математик болудың қажеті жоқ. Екі-үш рет көрсең, өзің де үйреніп аласың. Сосын жүреді он жыл бойы. Бір деңгейі бәленбай мың теңге тұрады. Адам да ақымақ емес қой. «Әй, мен он жыл оқығанда осыдан не ұттым?” деп ойлауы керек.

Үш таңбалы санды үш таңбалы санға көбейттің. Оның не керегі бар? Мысалы, циркке барсаңыз, біреу мұрнына бұранда тығады. Сол өнер ме? Цирк үшін өнер шығар, бірақ пайдасы қанша? Оны көру үшін адамдар ақша төлеп келеді. Болды. Ақша табудың жолы. Мынау да сол сияқты. Көшеге шығып саусақтарыңмен бүйтіп-бүйтіп (қолымен көрсетті) тез-тез есептеп бересің. Ол өнер емес. Ол – цирк. Ғылымның маңайына да жоламайды», — деп ойын түйіндеді Асқар Жұмділдаев

9 пікір

  1. Мына академиктын айтып отырганына мулдем келиспеймин. Оз саласынын маманы шыгар, бирак менталды арифметика жонинде дым билмейди. Бир ойга кирип шыгатын аргумент окымадым. Мен осы салада жургенимдиктен бул кисинин айткан создеринин барлыгына жауап бере аламын. Ал журналист мырза осы статьяны жарияламас бурын кишкене болса да зерттеу жургизу керек еди. Осы секилди пикирлерден кейин окырманнын ойы озгереди. Адам не дегенимен жаксы созге караганда жаман созди куптайтыны бизге белгили

  2. Мен кызымды 3 жыл бойы осы ментальды арифметикага катыстырдым. Ай сайын 20000 толедим. Аптасына бир рет, айына 4 рет барды.Ешкандай пайдасын корген жокпын. Балага косымша ауыртпалыктан баска… Баска пандерге, ойлау кабилетин котереди деген создерге сенип едим. Баска пан тугели, математикага да комектеспеди. Сондыктан мен бул макаламен 100% келисемин.

    • Шын айтасыз ба мен енді берсем ба деп жүр едім күйеуім баланың миын ашытасың деп ренжіп екіойлы боп отқаным?

  3. Мен балаларды оқыту исимен 17 жыл айналысамын, алдыма келген көптеген оқушылардың ишинде ментальды ариф-ға қатысқаны да бар ,катыспаганы да бар. Кобнесе катыспаганы катысканынан гори күрделі есептерді, букил ой операцияларын қосып ойланып, миды қозғап истейтин тапсырмалады анағұрлым дұрыс орындайды. Менин осыған көзім толық жетті. Өз практикамнан айтып отырмын

  4. Менин оқытушылықпен айналысып жүргенме 17 жыл болды. Алдыма келетін балалардың ишинде ментальды арифметикага баратыны да бармайтыны бар.Шындығына келгенде көбінесе бармайтын балалар құрылымы күрделі есептерді, букил ой операцияларын косып орындайтын тапсырмаларды жақсы шығарады. Өз тәжірибемнен айтып отырмын

  5. МАҒАН ДА БАЛАМНЫҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ МЕНТАЛЬДІ АРИФМЕТИКАҒА БЕРСЕҢІЗ ДЕГЕН ҰСЫНЫС АЙТТЫ. ЗЕРТТЕП КӨРСЕМ АСҚАР АҒАМЫЗ АЙТПАҚШЫ. КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ЖАСАЙ АЛАТЫН НӘРСЕ ЕКЕН. ҚАЖЕТ БОЛСА ӨЗІМ-АҚ ҮЙРЕТЕ АЛАТЫН МҮМКІНДІГІМ БАР ЕКЕН. АСҚАР АҒА МЕН ГҮЛЖАННЫҢ СӨЗДЕРІМЕН ТОЛЫҚТАЙ КЕЛІСЕМІН!!!

Пікір қосу