«Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қызылорда қаласында табақ шыны шығаратын және өңдейтін зауытын салу кезінде  «Orda Glass» ЖШС ведомстволық бағыныстағы компания мен  оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы  1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған.  Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро баспасөз қызметі хабарлады.

«Қылмыстық схемаға осы ұйымның басшылары Д. Ибрашев, Ж. Исабеков, М. Қожабаев та тартылған. Ұрланған қаражатты «Құрылыс металл конструкциялар зауыты» аффилирленген компаниясы арқылы жұмысшылардың тамағы мен тұратын жеріне төлем ретінде қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қ. Бишімбаев аталған соманың 2 млн АҚШ долларын өзінің делдалы — туыс інісі С. Нұрлыбек арқылы алған, Ж. Исабеков, М. Қожабаев, С. Нұрлыбекке қатысты   тұтқындау шарасы қабылданды. Д. Ибрашев кінәсін мойындағаны, тергеуге жәрдемдескені үшін үйқамаққа алынды», — делінген хабарламада. Сот алды тергеу жүргізілуде.

 

Пікір қосу