АҚШ-та 25 күн, Қырғызстанда 11 күн таспаланған «В поисках мамы» («Анамды іздеймін») фильмінің басты рөлін сомдаған Тәуекел Мүсілім «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта болып,  фильмге қалай тап болғандығы туралы сұхбат берді, — деп жазады juldyz.kz.

-Тәуекел, бұл киноға Қазақстаннан түскен актер сіз ғана екен. Фильмге қалай тап болдыңыз?

— Фильмнің режиссері Русланмен бірге оқитын біздің Қазақстаннан келген студент қыздар бар. Сол қыздар»осындай актер бар» деп мені көрсеткен екен. Сөйтіп, Руслан менің инстаграм парақшама кіріп суреттерімді қарайды. «Мен ұсынған рөлге бұл жігіт келмейді, қаланың жігіті. Оның үстіне интеллигентті жігіт екен» деп айтады. Алайда, оған менің бір суретім ұнап қалыпты. Сол үшін мені басты рөлге тағайындаған екен. Сөйтіп, кинода бұзық жігіттің рөлін сомдап шықтым.

— Кинода ағылшынша сөйлейтін жерлер бар. Қиналмадың ба?

— Аздап қиналдым. Негізі тіл үйрену керек. Қазір оған уақыт болмай жатыр. Болашақта үйренемін. Осы киноға түскенен соң кішігірім уақыт болса да Америкада тұрғым келеді.

— Әлеуметтік желіде жиі сынға ұшырайсыз. Неліктен?

— Білмеймін. Қызбен сурет салсаң, «ойбай,екеуі жүреді екен, ертеңіне үйленіпті» дей салатын болған. Ал, жақында бәрі шулаған Жанар Дұғалованың клипіне келетін болсақ, бейнебаянда ерекше нәрсе көрсету керек болды. Сөйтіп, осындай шешімге келдік. Негізі басынан бастап олай келіскен жоқпыз.

— Неліктен үйленбей жүрсіз?

— Мектеп, студенттік кездердегі махаббат ең бір таза сезімді бастан кешіретін кез. Одан кейін бәрі күрделенеді. Қазір біз көп сынаймыз. Есейген сайын бәріне талғаммен қарайсың. Алла қаласа, үйленерден бұрын бәріне хабарлап айтамын.

Пікір қосу